#КүшімізБірлікте
Құрметті дос!

Біз Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, ішкі корпоративтік және әлеуметтік бастама шеңберінде «Мunaily Marathon - 2025» қайырымдылық жүгіру жарысын өткізу туралы сізге қуана хабарлаймыз! Шара 1 маусым Ақтау қаласында Жағалау, №15 шағын аудан, Даңқ қақпасы мекенжайында өтеді. Жарыс таңғы 07:00-де басталады.

Марафон барысында жиналған қаражат түгелдей Маңғыстау өңірінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Бізге қосылып, жарқын болашаққа үлес қосыңыз және біздің ортақ бастамамызға қолдау көрсетіңіз.

Сіздерді жарыс жолында күтеміз!

Жұмысшы мамандықтар жылына орай және корпоративтік мәдениетті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық денсаулық мәдениетін арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласында «Амфитеатр» №15 шағын ауданының жағалау алаңынан жол бойымен 2-ші үйге қарама-қарсы №4 шағын ауданға (10 км-ге кері бұрылу орны) дейін қайырымдылық жүгіру жарысын өткізуді жоспарлап отыр.

Марафонның жеке нөмірлерді беру

30-31.05.2025 11:00-20:00
130000, Ақтау қаласы 14 шағын ауданы 70 құрылыс бизнес орталығы Азимут
Бірінші қабаттың залы

5 км-ге жүгіру
10 км-ге жүгіру

Сізді не күтеді?

Таза ауадағы демалыс

Таза ауадағы демалыс

Мерекелік атмосфера және тамаша көңіл-күй

Мерекелік атмосфера және тамаша көңіл-күй

Қызықты және сәнді бағдар

Қызықты және сәнді бағдар

Автоматты хронометраж

Автоматты хронометраж

Көптеген ұмытылмас сәттер

Көптеген ұмытылмас сәттер

Мәреде – бірегей медаль

Мәреде – бірегей медаль

Құрметті достар!

Біздің компания қайырымдылық жүгіру жарысын өткізу туралы қуана хабарлайды. Оның мақсаты – ауыл мектептері мен балабақшаларына спорт жабдықтарын сатып алуға қаражат жинау. Жиналған қаражат түгелдей балалар арасында спорт дағдылары мен белсенді өмір салтын дамытуға көмектесетін теннис үстелі және өзге де спорт заттары сынды қажетті жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.

Сіздерді бұл маңызды оқиғаға қатысуға шақырамыз! Сіз жарысқа қатысу арқылы біздің оқу орындарымызда спортпен шұғылдану үшін жағдайды жақсартуға баға жетпес үлес қосасыз. Балалардың сапалы спорт жабдықтарына ие болуына және оларды спортта жетістіктерге жетуге ынталандыруға бірге көмектесейік!

Бізге қосылыңыз және жақсы істерге үлес қосыңыз!

MUNAILY marathon

Күні: 1 маусым 2025 ж.

Старт қалашығының ашылуы: 06:00

Старт: 07:00

Старт және барлық қашықтықтың мәресі: Ақтау қаласы, №15 шағын аудан жағалауы, Амфитеатр

Қашықтықтар: 5 км., 10 км.

Қатысу үшін онлайн тіркеуден өтіп, старттық жарна төлеу міндетті.

Қатысуға салынған қаражат қайтарылмайды және қайта тіркеуге жатпайды.

Старттық қажетті заттар 30-31 мамыр күндері беріледі. Старт кезінде заттар берілмейді.

Жас санаттары: 18-39, 40+

Жеңімпаздар: ерлер арасында 5 км және 10 км қашықтықта 1-ден 3-ке дейінгі орындар грамота және кубокпен марапатталады.

Мәреге жеткендердің бәрі естелік медаль алады.

Қатысу шарттары

Қатысуды жоспарлап отырсаңыз, төмендегі ақпаратқа назар аударыңыз. Біз сіздің денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңізге алаңдаймыз.

1
Жас

Марафонға қатысу үшін Сіздің жасыңыз 18-ден кем болмауы тиіс.

2
Денсаулық

Тіркелуге сіз медициналық сақтандыру көшірмесі мен дәрігерден анықтама әкелуіңіз қажет.

3
Алкогольге рұқсат жоқ

Егер сіз марафон алдындағы бірнеше күн ішінде алкоголь тұтынған болсаңыз, марафонға қатыса алмайсыз.

4
Ешқандай насихатқа жол жоқ

Марафонда кез-келген насихат түрі, оның ішінде жалаулар, манифестация және постерлерге тыйым салынады.

Қатысушылардың жиналу орны


1 маусым 2025 ж., Ақтау, 15-шағын аудан жағалауы

Барлық қатысушылар жиын орнына 06:30-де келуі тиіс.

Қатысушыны тіркеу

Қатысу құны - 5000 теңгеден бастап.

Тегі
Аты
Жынысы
Туған күні
Email
Телефон
Сумма взноса
Компания

Ұйымдастырушылар

КазМунайГаз

Байланыс

Егер сізде сұрақтар мен ұсыныстар болса, бізден хабарласуды өтінеміз:

Электронды пошта: jakentiy1973@gmail.com
Телефон: +7 701 999 3242

Мәліметтерді өңдеу саясаты || Қоғамдық ұсыныс || Төлем туралы || ҚОЛХАТ || Реквизиты организатора